Кіру
AA+
№9 «Балауса» бөбекжай-балабақшасы КМҚК
Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімі
№9 «Балауса» бөбекжай-балабақшасы КМҚК
Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімі

«Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің №9 «Балауса» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ақсуат ауылында орналасқан
90 орындық балабақша объектісі.

Қуатты жобасы - 90 орындық

Қабат саны - 2

Құрылыс ауданы - 778,3

Ғимарат ауқымы - 6098

Жалпы алаңы - 1601,7

Салынған жылы - 2020жыл

Администрациялық блог екі қабатты. Бірінші қабатта 2 топ және  асхана, қойма бөлмесі, ыдыс жуу бөлмелері орналастырылған. Блогтың екінші қабатында 3 топ,музыкамен гимнастикаға арналған зал және педагог қызметкерлерінің бөлмелері орналастырылған. Администрациялық орталық балалардың кез-келген ойын топтарына кіруге мүмкіндік беретін холға ұласады.

Медициналық және кір жуу орталықтары бірінші қабатта жеке блогта орналасқан. Бұл блогта кіру есігі администрациялық блогтан жеке болғанымен, біріккен коридор арқылы жалғастырылған. Медициналық блогта дәрігер бөлмесі, процедуралық кабинет пен оқшаулау бөлмелері бар. Кір жуу бөлмесі жертөледе орналасып, жеке кіру есіктерімен қамтылған.

Балалардың ойын орталықтары 5 блогтан тұрады. Мұнда ойын бөлмесі, жатын бөлме, киім шешу бөлмесі, асхана, дәретхана бөлмелері орналастырылған.

Балабақша ғимаратының қуаттық жобасы 5 топ, барлығы 90 балаға арналған. Сонымен қатар, балабақша маңында 5 топқа арналған көлеңкелі ойын алаңдары бар. Балабақшаны жылытуға арналған ғимарат, қоқыс төгуге арналған алаң қарастырылған.